Жыл сайын П.И.Чужинов атындағы экономика және құқық институты заң шығару, құқық қорғау, банктік іс, экономика, ғылым, білім беру және басқа да салалар бойынша бірнеше жүздеген жоғары білікті мамандарды дайындап шығарады.
Мамандықты, оқу орнын таңдау дұрыс қойылған және ұйымдастырылған кәсіптік бағдар беру жұмысына байланысты. Мұндай жұмыс Чужинов атындағы экономика және құқық институтында жүйелі түрде жүргізіледі.
Бүгін Институт Әулиекөл ауданының мектеп түлектерімен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Бұл кездесуге қатысушылардың саны елу адамға жетті. Кездесуді директордың мансап және жұмыспен қамту жөніндегі орынбасары, экономика ғылымдарының докторы Елена Васильчук жүргізді.
Алғашқы болып институт директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, запастағы полиция подполковнигі Әлібек Табылденов сөз алды. Алибек Нұрмағамбетұлы өз баяндамасында студенттерге институттың білім беру бағдарламалары туралы ақпарат берді, студенттердің практикаға бағытталған іс-әрекеті туралы, еңбек биржасында біздің түлектерге деген сұраныс деңгейі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, директор студенттерге шетелге шығу және Еуропаның жетекші университеттерінде оқуға мүмкіндігі, яғни академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы айтты.
Содан кейін студенттік өмірдің қызықтары жайында айтылды. Атап айтқанда, студенттердің өзін-өзі басқаруы, университеттегі студенттік клубтар, сондай-ақ гранттар жүйесі, жеңілдіктерге байланысты ақпарат берілді.
Кездесу соңында оқушыларға институттың әр білім беру бағдарламасы бойынша ақпарат ұсынылды.