object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 03:14:53.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-НІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЙЫСТЫ

4-6 қаңтар аралығында университет ұжымы арасында спорттық ойындардан дәстүрлі біріншілік өтті. Алғашқы сайыс стритболдан өтіп, оған 5 ерлер және 3 әйелдер командасы қатысты. Ойындардың нәтижесі төмендегідей: Ерлер арасында 1-орынды әкімшілік-басқару қызметкерлерінен құрылған команда жеңіп алды. 2-орын Инженерлік-техникалық институттың жігіттеріне бұйырды. Ал 3-орынды Ауылшаруашылық институттың командасы місе тұтты.

Стритболдан әйелдер командалары арасында Педагогикалық институттың арулары топ жарды, 2-орында Ауылшаруашылық институты, 3-орын Экономика және құқық институтының қыздарына тиесілі.

5 қаңтар күні футзалдан өткен жарысқа тек ерлер командалары қатысты. Жарыстың бұл түрінде де әкімшілік-басқару қызметкерлерінен құрылған команда жеңіске жетті. 2-орын Педагогикалық институттың еншісінде, 3-орынға Инженерлік-техникалық институттың командасы лайық деп танылды.

Ал бүгін волейболдан жарыста 5 аралас команда өзара бақ сынасты. Сайыс нәтижесінде 1-орынды Педагогикалық институттың командасы иеленді. 2-орында әкімшілік-басқару қызметкерлері, 3-орын Инженерлік-техникалық институттың командасына берілді.

Біріншілік жоғары деңгейде өтті, командалар жеңіс үшін аянбай күресті. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Мұндай сайыстар оқу жылының барысында спорттың басқа да түрлерінен әлі де өткізіледі, жеңімпаздар кәсіподақ комитетінің ақшалай сыйлықтарымен марапатталады.

Қабылдау комиссиясы