А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері мен қызметкерлері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ұлы Жеңіс күніне арналған веложарысқа қатысты. Іс-шараны облыстық және қалалық мәслихат депутаттары ұйымдастырды веложарысқа қатысты.
Спортшылар жағалауға дейін шамамен 14 км жүріп өтті. Үлкен көпірге қарай бет алған велосипедшілер Тобыл қаласы арқылы Әулиекөл трассасынан қайта бұрылып, Гашек көшесіндегі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы саябағының қақпасы алдында мәре сызығын кесіп өтті.
Велоколоннаға үш полиция көлігі және бір жедел жәрдем көлігі ілесіп жүрді. Қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде болды және 40 минуттан кейін жағалауда болды.
Саябақта университет белсенділері тағы бір акцияға қатысты, арнайы бөлінген учаскеде 100 қарағай отырғызу шарасына қол ұшын берді. Бұл мәслихат депутаттары үшін жақсы дәстүрге айналды: Тәуелсіздіктің 25 жылдығы атындағы саябақта кішкентай қарағай орманы өсіп келеді.