А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің «Құқықтану» ББ-ның студенттері «Заң ғылымы мен білімін интернационалдандыру» Еуропа-Азиялық құқықтық конгрессінің XV сессиясы аясында 9-10 маусымда Екатеринбург қаласында (Ресей Федерациясы) өткен Еуропа-Азия жастар құқықтық форумының жұмысына қатысты. Студенттерді оқу орнының профессоры, заң ғылымдарының докторы Аман Мизанбаев бастап барды.
Еуропа-Азиялық құқықтық конгресі – Еуразия кеңістігіндегі заңгерлердің кәсіби қоғамдастығының байланыс және зерттеу қызметінің тұрақты алаңы. 2007 жылдан бастап В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университеті Екатеринбургтегі Ресей заңгерлерінің қауымдастығымен бірлесіп жыл сайын конгресс сессияларын өткізіп келеді. Конгресс жұмысына кәсіби заңгерлер – ЕАЭО, ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің ғалымдары мен практиктері, саясаткерлер, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері, сондай-ақ студенттер – болашақ заңгерлер қатысада. Сессияда осы халықаралық ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға көмектесетін басым жобалар, еуропалық-азиялық кеңістіктегі экономикалық интеграцияны құқықтық қамтамасыз ету мәселелері пысықталады.
Конгресстің XV сессиясының ашылуында «Еуразиялық интеграциядағы заң ғылымы мен білім беруді ұлтаралықтандырудың рөлі» және «Халықаралық ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастырудың құқықтық мәселелері» тақырыптарында пікірталастар өтті.
Конгресстің екінші күні Еуропа-Азия жастар құқықтық форумы өтті, онда адам құқықтарының өңірлік тұжырымдамалары, жеке тұлғаны қорғаудың басым бағыттары талқыланды, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Еуразиялық сот құру идеясы сөз болды.
Қостанай өңірлік университетінің студенттеріне форумға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.