Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті Анель Пимичева ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан белсенді қағамдық және волонтерлік қызметі, ұлтаралық келісімді нығайтуға, мемлекеттік тілді үйрену мен таратуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасына ие болды.
Анель – П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының 2-курс студенті.
Жүргізуші, пікірсайысшы, бимен шұғылданады, вокалдық ансамбльдерде ән айтады, домбыра мен гитарада ойнайды және бұл оның үздік оқумен сәтті ұштастыратын әуестігі мен талантының толық тізімі емес.
Анель Пимичева – «Үздік ғылыми жоба авторы» төсбелгісінің (Нұр-Сұлтан қ. 2020 ж.) және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін берілген «Мейірім» белгісінің иегері.
Анельді құттықтаймыз және оған шығармашылық шабыт, биіктерден көрінуін тілейміз!