30 қыркүйек пен 9 қазан аралығында Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында кикбоксингтен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының құрамында Қостанайдан 5 спортшы аттанды. Олардың қатарында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері Нұржас Байниязов пен Нұралы Серіков бар.
Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институттың «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының 1 курс студенті Нұралы Серіков 4 жекпе-жектің нәтижесінде кикбоксингтен әлем чемпионы атанды. Ол Әзірбайжан, Литва, Өзбекстан елдерінің және Тараз қаласының 57 салмақтағы спортшыларымен рингта кездесіп, жеңіске жетті.
Әлем чемпионатының нәтижесінде Нұралы Серіков Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.