26-27 ақпанда А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Тіл білімінің атасы» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирге Павлодар педагогикалық университетінің, Павлодар мемлекеттік университеті, Қарағанды техникалық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті және Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің, Семей медициналық университетінің, сонымен қатар Л.Гумилов атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Орал қаласынан Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің пікірсайысшылары қатысты.
Турнирдің бірінші күні мықтылар анықталып, оза шапқандары ақтық сынға жолдама алды. Екінші күні БПФ, ЛД форматында іріктеу финалы, ширек финал және финалдық ойындар өтті.
Турнир қорытындысы:
1-орын – Ақтөбе облысы, «Север помнит» фракциясы Нүркен Жәкен мен Рустем Арманов
2 орын – Павлодар облысы, «Элита» фракциясы Нұрхан Ералы және Айсана Сахимзадиева
3 орын – Павлодар облысы, «7182» фракциясы Шыңғыс Молдасапар, Аяулым Муканова
Үздік спикер – Әлиасқар Шөлібай (Нұр-Сұлтан қаласы)
Жастар Финалы – «Максимум» фракциясы (Орал қаласынан).
Турнир жеңімпаздары 80, 55, 35, 15, 10 мыңдық сертификаттармен марапатталды.