А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің базасында 2 егу пунктері ұйымдастырылды. Бұл жерде студенттер мен университет қызметкерлері COVID-19-ға қарсы Sputnik V және QazVac вакцинасын тегін негізде ала алады.
Университеттің вакцинация орталықтары емханалармен ынтымақтастықтың арқасында барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген және барлық санитарлық талаптарға сай, екпе егетін де емханалардың тәжірибелі мамандары. Бірінші күні 85-тен астам адам вакцина алды.
Коронавирусқа қарсы вакцина үш апта аралығында, екі кезеңде жүзеге асырылады. Екпе екпестен бұрын дәрігер вакцина алуға келушілердің дене температурасын, жүрек соғу жиілігін, қан қысымын міндетті түрде өлшейді. Алғашқы бірнеше күнде дене температурасының жоғарылауы мүмкін. Вакцина алған күннен бастап адам ағзасында антиденелер қалыптаса бастайды. Тұрақты иммунитет екінші вакцинациядан 21 күн өткен соң қалыптасады.
Қарсы жағдайлар:
- 18 жасқа дейін;
- жүктілік және лактация кезеңі;
- коронавирустық инфекцияны жұқтырғандарға сауыққаннан кейін алты айдан кейін вакцина егу ұсынылады.
Университетте егу пунктерінің ашылуы халықтың едәуір бөлігін вакцинациялау жолындағы маңызды қадам болмақ. Бұл қала емханаларына салмақты және коронавирустың таралу қаупін азайтады.
Вакцинаны келесі мекен-жайлар бойынша алуға болады:
Байтұрсынов көшесі 47, медициналық орталықтың кеңсесі,
Абай даңғылы 28, медициналық орталықтың кеңсесі.