object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 21:21:26.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Тәуелсіздіктің жеті қыры» кураторлық сағаты

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының қазақ топтарының кураторы Гүлшат Марқабаева «Журналистика» мамандығының студенттері үшін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай кураторлық сағат өткізді. Іс-ашара онлайн форматта өтті.

Кураторлық сағат «Тәуелсіздіктің жеті қыры» фильмінен бастау алып, тұңғыш Президенттің өмірбаяны мен қызметі және оның тәуелсіздігімізге қосқан үлесі туралы баяндамалармен жалғасты. Бірінші курс студенті Рахат Сейітқан өзінің «жүректен кіріп бойды алар», елі, жері туралы өлеңін оқыды.

Шара соңында Елбасы туралы сұрақтар қойылған зияткерлік ойын өткізілді.

 

Қабылдау комиссиясы