object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 11:30:12.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Торғай өңіріндегі кәсіби бағдар

Ақпанның 1-4 аралығында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің оқытушылары мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласында болып қайтты. «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы» кафедрасының меңгерушісі Гүлфия Сафаргалиева, аталмыш кафедраның аға оқытушы Дидар Жұмекенова, сондай-ақ «Тіл және әдебиет теориясы» кафедрасының  меңгерушісі Кенжегүл Есиркепова мектеп түлектерін университеттің білім беру бағдарламаларымен, материалдық-техникалық базасымен және оқу орны беретін мүмкіндіктермен таныстырды.  

Ақпан айының бірінші күні Амантоғай елді-мекеніндегі  Амантоғай  және Жалдама жалпы білім беретін мектептердің, Амангелді ауданы орталығында орналасқан Амангелді, Ы.Алтынсарин, Б.Қолдасбаев, Н.Мейірманов, Ә.Боранбаев атындағы мектептердің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Бұл кездесуге барлығы 187 оқушы келді.

Келесі күні Жангелді аудандық білім бөліміне қарасты Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Н.Г.Иванов орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары кәсіби бағдар алды. Кездесуге 150-ден астам оқушы жиналды. Сонымен қатар оқу орны қызметкерлері Сужарған ауылындағы Қ.Қойдосов атындағы мектепте және Жаркөл ауылдық округінде орналасқан Қаратүбек жалпы білім беретін орта мектепте болды.  

3 ақпан күні Арқалық қаласының мектеп оқушылары Ахаң атындағы қара шаңырақтың тарихы, оның артықшылықтары туралы ақпаратпен қанықты.  Кәсіби бағдар беру жұмыстары кезінде университетке қарасты институттар жайлы бейне материалдар көрсетіліп, ақпараттық буклеттер таратылды. Кездесуге 254-тен аса мектеп бітіруші  түлектер қатысты.

Қабылдау комиссиясы