object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-21 08:34:47.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенеттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз!» атты жалпықазақстандық ашық диктант жазды. Ұйымдастырушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі, сондай-ақ жергілікті «Қоғамдық келісім» КММ, Достық үйлері және облыстық, қалалық және аудандық кітапханалар, білім ордалары.

Іс-шараның мақсаты – этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.

Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру үшін ұйымдастырылған жалпықазақстандық ашық диктантқа университет студенттері белсенділікпен ат салысты. Қатысқан 20 студенттің 12-сі «өте жақсы», ал 8-і «жақсы» деген бағаға ие болды.

Қабылдау комиссиясы