А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары - тарих ғылымдарының докторы, профессор Айдар Айтмұхамбетов және тарих ғылымдарының кандидаты, ассоцияланған профессор, «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау және зерделеу» кеңсесінің жетекшісі Серікжан Исмаилов Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерімен кездесті.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында түрлі архивтерден анықталған, облыс тарихына қатысты көптеген құжаттар университет оқытушыларында жинақталған. Кездесу барысында сол архив құжаттарының көшірмелерін мұражай қорына тапсырудың шарттары сөз болды. Аталмыш құжаттарды зерттеушілердің пайдалануы үшін, көрме дайындауға, бүктемелер әзірлеуге қолдануға болады.
Сондай-ақ, болашақта мұражай қабырғасында оқу ордамыздың жас ғалымдарының монографияларының тұсаукесерін ұйымдастыру мәселесі де талқыланды.