object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 08:42:49.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Тарих түні

П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтында «Тарих түні» дәстүрлі танымдық ойын-сауық кеші өтті.

Жыл сайын қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары, тарихшы студенттер мектеп оқушылары мен университеттің студенттерін әр түрлі бағыттағы тарихи бекеттерден тұратын квест өтуге шақырады.

Биылғы жылы студенттер бес бекеттен өтуге тиісті болды:

«Киностанция» бекетінде қазақ киносы, КСРО және Голливуд кинематографиясы туралы сұрақтар қойылды. Ойын викторина түрінде өтті.

Келесі бекет – «Ежелгі дәуірдегі Қазақстан» археологиялық станциясы. Онда қатысушыларды археологияға байланысты түрлі сынақтар мен байқаулар күтіп тұрды.

«Музыкалық сандық» бекетінде «Қазақ халқының 1000 әні мен күйі» викторинасы ойнатылды.

Төртінші бекетте Қазақстанның тарихына, географиясына, мәдениетіне байланысты сұрақтар мен тапсырмалардан тұратын «Менің Қазақстаным» брейн-ринг форматындағы интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылған.

Соңғы бекет – қаламыздың тарихына және оның көрікті жерлеріне арналған «Менің Қостанайым» тарихи квесті.

Айта кету керек, әр станция ерекше безендірілген. Болашақ тарихшылар бұл орындарды барлық қажетті реквизиттермен жабдықтап, кештің әсерлі өтуіне бар күш-жігерлерін жұмсады.

Іс-шараның мұндай форматы тек көңілді уақыт өткізу ғана емес, сонымен бірге танымдық маңызы ерекше.

Квест соңында барлық қатысушыларға шағын сыйлықтар табысталды.

Қабылдау комиссиясы