Өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасы Алтынсарин ауданының мектеп түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу модераторы - Айгүл Амандықова, өңдеу технологиялары және стандарттау кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы.
Кафедраның доценті, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Людмила Здерева және аға оқытушы Любовь Павлова оқушыларға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің мамандықтары туралы ақпарат берді. «Өсімдік шикізатынан өнімдерді өңдеу және өндіру технологиясы», «Тамақ өнімдерінің технологиясы», «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламаларын ұсынды.
Бір күнде Щербаков орта мектебінде, Силантиев орта мектебінде және Большечураков орта мектебінде үш мектептің оқушыларымен кездесті.