object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 20:09:06.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Талапкерлердің ата-аналарымен өткен кездесу

Сенбі күні П.И. Чужинов атындағы экономика және құқық институты үлкен ата-аналар жиналысын өткізді. Кездесуге Қостанай ауданының жоғары сынып оқушыларының ата-аналары шақырылды. Жиналыс институт директорының, орынбасарларының және кафедра меңгерушілерінің, сонымен қатар университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Асхат Жұмабаевтың қатысуымен өтті.

Кездесудің модераторы - директордың мансап және жұмыспен қамту жөніндегі орынбасары Елена Васильчук.

Институт директоры Әлібек Табылденов ата-аналарға институт туралы жалпы ақпарат берді. Ол өз баяндамасында оқу үрдісіне, ғылым және тәрбие жұмысына тоқталды. Ата-аналар мамандандырылған кабинеттерде, зертханаларда, оқу полигондарында өткізілетін тәжірибеге бағытталған сабақтар туралы ақпарат алды. Сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттерімен ынтымақтастық, студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы және қос дипломдық білім алу мүмкіндіктері туралы айтылды. Студенттердің өзін-өзі басқару мәселесі, оқу орнындағы студенттік клубтарға да көңіл бөлінді. Ата-аналар университеттегі жеңілдіктер жүйесімен, гранттардың берілу талабымен танысты. Содан кейін ата-аналар институттың «Экономика», «Қаржы», «Құқық және экономика негіздері», «Журналистика», «Психология», «Құқықтану» және «Халықаралық құқық» сияқты әр білім беру бағдарламасымен жеке танысуға мүмкіндік алды.

Айта кету керек, бұл форматтағы кездесулер ата-аналардың көңілінен шықты. Өйткені олар институт мамандықтары туралы ақпараттан басқа, шеберлік сыныбының қатысушысы болуға мүмкіндік алды.

Қабылдау комиссиясы