Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Журналистика және коммуникация менеджменті кафедрасының 3-4 курс студенттері үшін кафедра оқытушысы Светлана Машкова «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың елдің сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Төртінші курс студенттері Арман Әлібеков пен үшінші курс студенті Диана Ергазиева Елбасының тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі туралы айтты. Сонымен қатар студенттер өз баяндамалары мен презентацияларында Н.Ә.Назарбаевтың заманауи қазақстандық ұлтты қалыптастыру жолындағы жетістіктері жайлы баяндады. Мәселен: ядролық қарудан бас тарту, Қазақстан Республикасының Конституциясын жариялау, мемлекет халықтарының бірлігін, Қазақстанның көпвекторлы саясатын қалыптастыру, халықаралық келісімдерге қол жеткізу.
Н.Ә.Назарбаев жүргізген теңдестірілген ішкі және сыртқы саясат заманауи, қарқынды дамып келе жатқан, әлеуметтік бағыттағы экономика құруды қамтамасыз етті. Қазақстан халқының ежелден келе жатқан даналығы, мейірімділігі мен төзімділігі, тәжірибе жинап, мақсатына табандылықпен бара алатын қасиеттерінің барлығы Көшбасшының сенімді қолымен басшылыққа алынған жетістіктерге мүмкіндік берді.