Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған ашық диалог форматындағы «Тәуелсіздіктің жетістіктері» атты ашық дәріс өтті. Іс -шараға университеттің студенттері мен оқытушылары қатысты.
Дәріс беруші - тарих ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік -гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Айбек Шалғымбеков. Ол тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі нәтижелері мен болашағы туралы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлі туралы айтты.
Іс-шараның қонағы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген білім қызметкері, ақын, Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына, аймақтың дамуына үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің бірі Александра Суслова.