object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-21 08:31:54.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Тәуелсіздік тұғырым»

Тәуелсіздік тұғырым деген атпен 5-6 қазан күндері «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Турнир Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Британдық-парламенттік форматта өткізілді. Қатысушылар қатарында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің «Ахмет ұрпақтары», «Парасат» пікірсайыс клубтарының орыс және қазақ лигасының командалары болды. Біздің пікірсайысшылар өте жақсы нәтиже көрсетті, барлық жүлделі орындарды оқу ордамыздың командалары жеңіп алды.

Ойынның бірінші күнінің қорытындысы бойынша 1 орынды «Парасат» ПК-ның «Богемская расподия» фракциясы мүшелері Қарагөз Мақатова мен Огабек Шамитдинов жеңіп алды. 2 орын Bonnie & Clyde фракциясына («Ахмет Ұрпақтары» ПК), Аружан Фазылахметова мен Қымбат Амангелдиноваға бұйырды. 3-орынды «Артефакт» фракциясының мүшелері («Парасат» ПК) Жүсіп Көшбаев пен Дариға Сланова иеленді. Үздік спикер – Қарагөз Мақатова.

Турнирдің екінші күні де біздің студенттер үшін жемісті болды, үш жүлдені де «Ахмет ұрпақтары» пікірсайыс клубының мүшелері иеленді:1 орынға Диас Сүлеймен мен Анна Гущина лайық деп танылды. 2 орын Олжас Сүлейменов пен Диас Нұрғалиевке тиесілі. Ал 3 орынды Стас Яковенко мен Диана Искакова місе тұтты. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Қабылдау комиссиясы