object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-22 06:57:12.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Тәуелсіздік - халық мұрасы

Кеше, тәуелсіздік күні қарсаңында П.Чужинов атындағы экономика және құқық институты «Тәуелсіздік – халық мұрасы» атты онлайн-республикалық конференция өткізді. Кездесу модераторы: Жангелді Шәукенов - философия кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.

Бірінші болып оқу орнының тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Азамат Исабаев сөз алды. Одан кейінгі сөз спикерлерге берілді.

П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының директоры Әлібек Табылденов өзінің баяндамасында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы ел дамуының маңызды тұжырымдамаларын көрсетті.

Философия кафедрасы меңгерушісінің м.а., PhD доктор Оралбай Қабыл өз сөзінде Тәуелсіздік жылдарындағы ең маңызды қоғамдық-саяси жетістіктерге тоқталды.

Ал Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының доценті, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Нағашыбай Мұқатов тәуелсіздік кезеңіндегі журналистиканың дамуы туралы айтты.

Құралай Ермағамбетова - Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің философия кафедрасының доценті, PhD доктор. Ол өз сөзінде тәуелсіз Қазақстанның мәдени жетістіктерін ерекше атап өтті.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарих және дінтану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Әлібек Аман «Тәуелсіздік - менің елімнің ерлік жолы!» баяндамасында тәуелсіздік жолындағы қазақ халқының күресінің тарихына тоқталды.

Дәурен Тойматаев - І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті. Оның баяндамасының тақырыбы: «Тәуелсіздік - еліміздің негізі».

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мамандарын даярлау орталығының жетекшісі Мырзабек Тойғанов «Ксенофобия - экстремизмнің қозғаушы күші» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция соңында П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының директоры Әлібек Табулденов қорытынды сөз сөйлеп, қатысушылар мен спикерлерге алғысын білдірді және ол барлығын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қабылдау комиссиясы