П.И. Чужинов атындағы Экономика және құқық институты кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде онлайн кездесулер өткізуді жалғастыруда, тағы бір осындай онлайн кездесу Түркістан облысы Отырар ауданының орта мектеп оқушыларымен өткізілді.
Оқушыларға институтта жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, сонымен қатар институттың ғылыми әлеуеті, Еуропа мен ТМД елдерінің академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары зертханалармен және мамандандырылған кабинеттермен таныстырылды, онда студенттер теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды игереді.Дәстүр бойынша талапкерлер институттың «Құқықтану», «Халықаралық құқық», «Экономика», «Қаржы», «Құқық және экономика негіздері», «Психология», «Журналистика» білім беру бағдарламаларымен толығырақ танысу мүмкіндігіне ие болды. Осылайша, П.И.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты әр апта сайын талапкерлерге білім беру мекемесінің ғылыми, әдістемелік және материалдық-техникалық базасымен таныстырып, талапкерлерді ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізеді.