object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 10:18:46.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Түлектерді жұмыспен қамту: тенденциялар мен перспективалар

П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп кафедраларының ұйымдастыруымен «Түлектерді жұмыспен қамту: тенденциялар мен перспективалар» тақырыбында онлайн-семинар өтті. Іс-шараға институттың студенттері мен оқытушылары және шақырылған қонақтар қатысты.

Спикерлер: «Қазақстан Халық Банкі», «Сбербанк», First heartland Jysan bank, «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның Қостанайдағы филиалдарының өкілдері, «Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдері және «Евразия өмірді сақтандыру компаниясы», «Стеклоцентр-2008» ЖШС, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан футбол федерациясының қауымдастығы.

Семинардың басты мәселесі - экономикалық бағыттағы түлектерді жұмысқа орналастыру. Институттың аға оқытушысы Жанара Тастемирова презентация жасап, экономикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары туралы айтты. Кафедралар түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында жыл сайын түрлі іс-шаралар ұйымдастырып тұрады. Талқылау барысында экономикалық бағыттағы түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша әрі қарайғы белсенді ынтымақтастық мүмкіндігі, сондай-ақ студенттер арасында еңбек нарығының жаңа талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Қабылдау комиссиясы