object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 05:56:26.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Түлектерді жұмыспен қамту – оқу орнының басым міндеттерінің бірі

Бүгін Мансап және жұмыспен қамту орталығы жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат беру үшін студенттермен, 2021-жылдың түлектерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері, университет бітіруші түлектер, институт директорлары және олардың мансап және жұмыспен қамту жөніндегі орынбасарлары, барлығы 100-ден астам адам қатысты.

Бірінші проректордың міндетін атқарушы Арман Исмаилов алғашқы болып сөз алып, түлектерді, оның ішінде «Серпін» бағдарламасының түлектерін жұмыспен қамту мәселелеріне тоқталды.

Вебинарға қатысқандар:

Марат Жұрқабаев - «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма» басшысы; 

Анара Сагнаева - Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бөлімінің бастығы;

Сырбай Қонақбаев - Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы;

Ботагөз Касимова - Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму бөлімінің бас маманы;

Жаңагүл Жумина - Қостанай облысы әкімдігінің білім бөлімінің бастығы;

Арымжан Мизанбаев пен Нұржан Кашаков - Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас мамандары;

Азамат Абиджанов - Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының бас маманы;

Ажмахан Нұрлан - Қостанай облысының «Атамекен» үкіметтік емес кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі.

Түлектерді жұмысқа орналастыру - университет басшылығы алға қойған басым міндеттердің бірі. Университеттің міндеті - студенттерге сапалы білім беріп қана қоймай, олардың жұмысқа орналасуына көмектесу және сұранысқа ие маман ретінде ретінде жетілдіру. Бүкіл әлемде университеттің беделділігінің басты көрсеткіші - түлектерге деген сұраныспен өлшенеді. «Атамекен» үкіметтік емес кәсіпкерлер палатасының рейтингіне сәйкес біздің университеттің бірқатар мамандықтары түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша бірінші орындарға ие, 2020 жылы түлектердің жұмыспен қамтылуының жалпы деңгейі 87% құрады.

Қабылдау комиссиясы