Бүгін Мансап және жұмыспен қамту орталығы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен бірлесіп аталмыш департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Асхат Ескендіров пен университет студенттерінің кездесуін ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты – мансап жолын мемлекеттік қызметтен бастағысы келетін 2022 жылғы ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру.
Асхат Батыржанұлы түлектерді мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасудың барлық кезеңдері мен мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар туралы, конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мен тестілеу тәртібі туралы айтты.
Сонымен қатар, А.Ескендіров кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ұйымдастырушыларға, Мансап және жұмыспен қамту орталығына алғысын білдірді. Кездесу екі тарап үшін де қызықты, мазмұнды және сындарлы болды.