object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 07:19:12.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Түлектер жұмысқа шақырылды

 Жаңа жыл қарсаңында «Атамекен» ҚР ҰКП білім беру бағдаламаларының рейтингісі бойынша А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Журналистика» білім беру бағдарламасы 23 ЖОО арасында екінші орынға ие болғандығын хабарлаған едік. Рейтингтің негізгі талаптарының бірі түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші есептеледі. Сондықтан кафедра жыл сайын аймақтық БАҚ өкілдерімен түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Солардың бірі жұмыс берушілердің сұранысы бойынша өткен онлайн кездесу. Аймақтағы ірі «ТоболИнфо» және «Koстанай Ньюс» ақпараттық агенттіктерінің өкілдері Александра Сергазинова мен Станислав Печников өздеріне қажетті мамандар туралы және оларға қойылатын талаптар жайында ақпарат берді. Журналист боламын деген жастарды ертеңнен бастап жұмысқа алуға дайын екендіктерін жасырмады. Мәселен, «ТоболИнфо» ақпараттық агенттігіне корректор, сонымен қатар Наурзым, Сарыкөл, Жангелдин аудандық басылымдарына да тілші мамандары қажет. Ал «Костанай ньюс» агенттігі креативті бейнематериалдар жасай алатын жастарды жұмысқа шақырып отыр. Бұл біздің түлектер үшін жақсы мүмкіндік екендігін ескере отырып, алдағы күндері аймақтық БАҚ өкілдерімен тағы бірнеше кездесулер жоспарланған.

Қабылдау комиссиясы