Мансап және жұмыспен қамту орталығы түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралар циклын жалғастыруда.
Биылғы оқу жылында Экономика және құқық институтын күндізгі бөлімнің 262 студенті бітіреді, оның 26-сы грантта оқиды. Біздің түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларға жұмыс іздеуді тиімді үйрету мақсатында «Түлектердің жұмысқа орналасуындағы сәтті сұхбаттасу мен өзін-өзі таныстыру» тақырыбында вебинар ұйымдастырылды.
Психология кафедрасының аға оқытушысы Олеся Ельчищева жұмыс берушімен сұхбаттасуға қалай дайындалу, жұмыс беруші алдында өзін қалай ұстау керектігі туралы әңгімелеп берді, сонымен қатар жұмыс табуда жетістікке жету туралы тағы бірнеше кеңестер берді.
Өз кезегінде «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің корпоративті психология орталығының жетекшісі Ғалия Шунаева жұмыс берушінің бос орынға үміткерлерге қоятын талаптары туралы айтты.