П.И.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының басшылығы мен ұжымы студенттердің оқудағы, ғылымдағы және қоғамдық өмірдегі жетістіктері мен күнделікті мәселелерін үнемі назарда ұстайды.
Біздің бірлескен жұмысымыздың басты міндеті – студенттердің табысты дамуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, студенттік өмір мен демалысты ұйымдастырудағы маңызды мәселелерді шешу. Сондықтан да институт 1-4 курс студенттерімен онлайн-кездесулерді жиі өткізіп тұрады.
Мұндай кездесулер барысында студенттер жоспарланған және өздері қатыса алатын іс-шаралар туралы қажетті ақпарат алады.
Негізінен диалог сұрақ-жауап жүйесіне негізделген, мұнда студенттер өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарын қояды және оларға толық жауап алады.
Сонымен қатар, бүгінгі кездесуге институттың қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Алляра Жақсыбаева қатысты.
Аллара Абайқызы студенттермен «Қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбында сөйлесті. Бұл дәріс студенттердің ақпараттық сауаттылығын арттыру және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілді.
Студенттерге қылмыстық құқық бұзушылықтар және Заңды бұзған адамдарға қолданылатын жауапкершілік түрлері туралы мәліметтер егжей-тегжейлі ұсынылды.
П.И.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты Қазақстан Республикасының заңдарына бағынатын және еліміздің бетке ұстар азаматтарын тәрбиелеудің классикалық дәстүрлерін жалғастыруда.