А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің Психология және инклюзивті білім беру орталығында «Маркетинг және жарнама» мамандығының 1 курс студенттеріне «Өзіне-өзі қарсы шығу» тақырыбында жеке тұлғаның өсуіне арналған кезекті тренинг өтті. Тренингтің негізгі идеясы студенттердің жеке басының мүмкіндіктері мен ресурстарын айқындауымен байланысты.
Тренинг барысында маңызды өмірлік мақсаттарды түсінуге, мақсатқа жетуге кедергі болатын себептерді түсінуге бағытталған жаттығулар өткізілді. Кез-келген адамда кез-келген жоспарды жүзеге асыруға бейсаналық түрде қарсы тұру, мақсатқа жетуге кедергі жасау бейімділігі бар. Әркім өзінің ішкі қайшылықтарын тануы және түсіну қабілеті – бұл адамның тұлға ретінде өсуіне ықпал етеді.
Жаттығулар кезінде студенттер өздерінің жағымсыз сенімдерін пайдалы көзқарастарға айналдыруға тырысты, мақсатқа жету жоспарын құрды. Өмірлік маңызды мақсаттарға жетуге ықпал ететін күшті тануға, мүмкіндіктер мен ресурстарға назар аударды. Тренинг соңында жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған жаттығу орындалды.