object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 16:44:46.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Студенттердің мемлекеттік қызмет өкілдерімен кездесуі

Қараша айында, бір ай бойы ҚӨУ-нің барлық институттарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдерімен кездесулер өткізілді. Кездесулердің нәтижесінде оқу ордамыздың студенттері Мемлекеттік қызмет мектебіне қабылданды, онда олар мемлекеттік қызмет негіздері мен қағидаттарын меңгереді, Қазақстан Республикасының заңнамасын зерделейді, мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттарын анықтауға бағытталған тәжірибелік сабақтарға қатысады. мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби құзыреттері: жауапкершілік, бастамашылық, көшбасшылық қасиеттер және қоғаммен байланыс орнату қабілеттерін дамытады. Мемлекеттік қызмет мектебінің оқытушылары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының профессорлары.

Оқыту нәтижелері бойынша тыңдаушыларға сертификаттар беріледі, сондай-ақ олар бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурсқа қатысу үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасын білетіндігін дәлелдейтін тестілеуден өтеді.

А. Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институттың студенттерімен Smart-орталықта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Әлия Оспанованың қорытынды кездесуі өтті. Мақсат - мемлекеттік қызметке болашағы зор және шығармашыл жастарды тарту, сондай-ақ студенттер арасында мемлекеттік қызметтің беделін арттыру.

Әлия Оспанова мемлекеттік қызметке кіру тәртібі мен шарттарын түсіндіріп, мемлекеттік қызмет жүйесі, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылға жұмыс істеуге және тұруға келген мемлекеттік қызметкерлерге арналған қолданыстағы әлеуметтік бағдарламалар және мемлекеттік қызметтің мүмкіндіктері мен болашағы туралы айтты. Бүгіннің өзінде студенттердің мемлекеттік органдарда тәжірибеден өту және одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

Әр студент өз тілектерін, алдағы жоспарларын айтты, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Қабылдау комиссиясы