22 қараша күні «Мирас» мәдениет үйінде Жайдарманның «Super» лигасының ақтық мәресі өтті. Ұйымдастырушы – «Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының директоры Марғұлан Бәкір.
Ойынға 5 команда қатысты:
«Болашақ Астана» – Жангелді ауданының командасы;
«Ақ пен қара» – Рудный қаласының № 19 орта мектебінің командасы;
«AyQaz» академиясы – Арқалық қаласы;
«Қостомар» командасы – Қостанай ауданы;
«Қостанай құрамасы» – А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университетінің командасы.
Ойын барысында жастар өзідерін жақсы қырларынан көрсете білді. Тапқырлық танытып, ойынның небір тұстарынан ұтымды шыға білді. Жайдарманның ең басты ерекшелігі – шығармашылықпен қоса өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды қамту.
«Super» лиганың нәтижесі төмендегідей:
1-орынды А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Өңірлік университетінің «Қостанай құрамасы» командасы жеңіп алды. Жүлде көлемі – 500 000 теңге;
2-орынға және 300 000 теңге көлеміндегі жүлдеге Жангелді ауданының «Болашақ Астана» командасы лайық деп танылды;
3-орынды, сондай-ақ 200 000 теңге сыйақыны Қостанай ауданының «Қостомар» командасы иеленді.
ҚӨУ-нің командасын жүлделерімен құттықтаймыз!