object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-22 13:00:26.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Студенттер «Баян сұлу» АҚ-да экскурсияда

П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының есеп және менеджмент кафедрасының студенттері мен В.Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институтының Өңдеу және стандарттау технологиялары кафедрасы «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасында болды.

Өздеріңіз білетіндей, «Баян Сұлу» АҚ - республикадағы кондитерлік өнімдер шығаратын ірі кәсіпорын. Кәсіпорын негізгі өндірістің алты цехынан тұрады: карамель, кәмпит, шоколад №1, шоколад №2, бисквиттік №1, бисквиттік №2. Өндіріс қуаты жылына 86000 тоннадан астам кондитерлік өнімдер шығаруға мүмкіндік береді. Кондитерлік фабрика жоғары сапалы өнімдердің кең ассортиментін, 300-ден астам түрін ұсынады.

Қауіпсіздік техникасы бойынша қажетті нұсқаулықтан өткен соң университет делегациясы №2 бисквит цехына аттанды. Студенттер ақ халат киіп, асқан қызығушылықпен бисквит цехының өндірістік жабдықтарымен танысты. Олар сүйікті тағамдарының жасалу технологиясын өз көздерімен көріп, тәтті өнімдердің хош иісін сезді, өндірістік цех өкілдеріне сұрақтар қойды.

Цех ұжымы атап өткендей, соңғы 5 жыл ішінде «Баян Сұлу» АҚ қолданыстағы өндірісті қайта құру, жаңғырту және кеңейту бойынша кешенді жұмыстарды ойдағыдай жүргізді. Біздің студенттер негізгі өндірістің цехтарында орнатылған жетекші шетелдік өндірушілердің жоғары технологиялық жабдықтарының жұмысына куә болды.

Студенттер мен оқытушылар кондитерлік өнімдерді дайындаудың толық циклын - печенье, кәмпиттер мен вафлидің қалай пайда болатынын - илеу, қуыру, салқындату және пакеттер мен қораптарға толтыру процестерін тамашалады.

Бұл экскурсия жоғары сапалы кондитерлік өнімдерді дайындаудың технологиялық процесінің ерекшеліктерімен танысуға, жаңа білім алуға, студенттердің тәжірибесін арттыруға, кейін зауытқа білікті маман ретінде оралуға жақсы мүмкіндік болады.

Қабылдау комиссиясы