А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де дәстүрлі студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Биыл студенттер контингенті 2000-нан астам адаммен толықты.
Студенттер қатарына өту рәсімі – оқу орны үшін маңызды дәстүр. Бұл әрбір бірінші курс студентінің өміріндегі маңызды және ұмытылмас оқиға, жүздеген бозбалалар мен бойжеткендер ересек өмірге жолдама алады.
Биыл салтанатты шара А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған квест ойыны форматында өтті. Бірінші курс студенттері әр станцияда ұлы ғалымның шығармашылығы, өмірі жайлы тарихи деректермен танысты.
Квест ойынынан кейін студенттерге қызықты концерттік бағдарлама мен мерекелік дискотека ұсынылды.Студенттер қатарына қабылдау рәсімі – университет табалдырығын жаңа аттаған жастар үшін өте маңызды шара. Олар бір-бірімен жақын танысады, өздерін жаңа қырларынан көрсетуге мүмкіндік алады.
Ересек өмірдің жаңа белесіне өткен бірінші курс студенттерін құттықтаймыз! Білімді, білікті маман атаныңыздар, жетер жетістіктеріңіз көп болсын!