Грек-рим күресінен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды.
Бұл өткізіліп жатқан жарыстардың маңызы зор. Өйткені дәл осы сайыстарда Токиода өтетін Олимпиада ойындарына Қазақстанның атынан қатысатын спортшылар іріктеледі. Қазірдің өзінде Қазақстандық команданың екі лицензиясы бар, алайда жаттықтырушылар құрамы біздің спортшыларымыз тағы 4 жолдаманы жеңіп ала алады деген үмітте. Бұл чемпионатта спортшылар 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Пандемияға байланысты жарыстар көрерменсіз өтті. Қостанайлық спортшы – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.И.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті Темірхан Байғанин, осы чемпионатта 82 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Бұған дейін Темірхан Семей қаласында өткен грек-рим күресінен Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесі үшін өткен халықаралық турнирде бірінші орынды жеңіп алған болатын. Университет спортта, шығармашылықта, ғылымда белсенді студенттерін мақтан тұтады және оларға әрқашан қолдау көрсетуге дайын!