П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтында Smart-орталықтың басшысы Гүлмира Дамбауловамен және коммерцияландыру және жобаларды қолдау бөлімінің бастығы Наталья Соловьевамен кездесу өтті. Отырысқа директорат өкілдері, кафедра меңгерушілері, сонымен қатар институттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына жауапты оқытушылар қатысты.
Әріптестерімізге стартаптардың мазмұны мен түрлері, оларды жүзеге асырудың механизмі мен алгоритмі туралы толық ақпарат ұсынылды.
Сонымен қатар, университетте көлемінде өтетін «Smart Spring» стартап-жобасына студенттердің қатысуының негізгі мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ байқауға қатысу шарттары туралы ақпарат жарияланды.