П.Чужинов атындағы экономика және құқық институты кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде Қазақстандағы мектеп түлектерімен онлайн режимде кездесулер өткізуді жалғастыруда. Өткен аптаның соңында Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның 11-сынып оқушыларымен кезекті онлайн-телекөпір өтті. Институт өкілдерімен 50-ден астам оқушы байланысқа шықты.
Кездесудің модераторы, Мансап және жұмыспен қамту жөніндегі директордың орынбасары, экономика ғылымдарының докторы Елена Васильчук спикерлерді таныстырып, кездесудің күн тәртібі туралы айтып берді. Институт директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Әлібек Табылденов солтүстік аймақ оқушыларына жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, студенттердің академиялық ұтқырлығы, кәсіби тәжірибелер туралы ақпаратты ұсынды.
Мектеп оқушылары университет беретін жеңілдіктер туралы ақпарат алды, институттағы және жалпы университеттегі студенттік өмір туралы көбірек білді. Бұл ақпаратпен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орал Такиров бөлісті.
Мектеп түлектері «Психология», экономикалық бағыт, «Құқықтану» және «Халықаралық құқық», «Журналистика» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі білді, оларды кафедра өкілдері айтты.