Өңірлік «Smart-орталығы» ұйымдастырған "SMART SPRING" университетішілік стартап байқауының финалистерін марапаттау рәсімі өтті. Қатысуға 60-тан астам студент өтініш білдірді.
Стартап концепциясын ұсынғандардың ішінде ең көбі Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт пен И.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының студенттері.
Екі ай бойы (1 ақпаннан 31 наурызға дейін) 50 команда 8 тақырыптық блок бойынша вебинарларға қатысты, өз идеяларының презентацияларын дайындады. Вебинарлар онлайн жеке және топтық форматта өтті. Оқу бағдарламасының соңында стартаперлер сұраныс пен ұсыныс нарығын талдауды, мақсатты аудиторияны анықтауды, қолайлы бизнес моделін және маркетингтік стратегияны таңдауды, шығындар сметасын құруды және болашақ инвесторларға идеяларды ұсынуды үйренді.
24 команда дайындықты сәтті аяқтап, стартабының соңғы промо-ролигін ұсынды. Әр ролик белгілі бір критерийлер бойынша бағаланды: бейнежазбаның визуалдық сипаттамалары, нарықтық талғампаздық, бағалаудың негізділігі, жобаның өзін-өзі ақтауы, команда мүшелерінің дайындық деңгейі, материалды тиімді ұсыну.
Барлық финалистерге «SMART SPRING» байқауына қатысқаны үшін сертификаттар табысталды. Үздік жобалар дипломдармен марапаттталды.
I дәрежелі дипломды «LEPKA KIDS» жобасының мүшелері Анастасия Агеева, Яна Дмитриенко, Карина Туркенова иеленді.
Любовь Павлова, Анзор Саидов, Айжан Жилкишинова және Карина Макарова «СТУДЕНТТЕР ҮШІН ЛАНЧ-БОКСТАР» жобасымен II дәрежелі дипломмен марапатталды.
III дәрежелі дипломдарды «KINDER VR» жобасы үшін Думан Казез, Ульяна Капитанец, сонымен қатар «ФЕНИКС» жобасы үшін Лариса Божко, «НОВА» жобасымен Ляхов Виктор және Ульяна Капитанец, Аружан Кеулимжаева, Дамир Салимгереев, Любовь Попаева «Шынайы түйіндемелер» жобасы үшін алды.