Бүгін А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Әскери кафедрасында Ашық есік күні. Кафедрадағы оқу үрдісімен танысуға Ұзынкөл ауданының мектеп оқушылары, «Патриот» және «Бүркіт» әскери-спорттық клубтарының тәрбиеленушілері келді. Әскери кафедра студенттері қонақтарға оқу-жаттығу барысында алған дағдыларын көрсетті. Тактикалық саптық тәсілдер, АК-74 автоматын уақытқа құрастыру және бөлшектеу өнерлерін паш етті. Сонымен қатар оқушылар үшін оқу аудиториялары мен әскери техника паркіне экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шара жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, оқушылардың бойында жоғары патриоттық сананы, Отанды қорғаудағы жеке жауапкершілікті, ел Конституциясына адалдықты қалыптастыру, сондай-ақ оқу орны имиджін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.