Экономика және құқық институты тек мектеп түлектерімен ғана емес, сонымен бірге студенттерімен де белсенді кәсіптік бағдар жүргізеді.
21 сәуірде әскери кафедра бастығы полковник Олег Оборинмен 1-2 курс студенттерінің онлайн-кездесуі өтті. Кездесуде студенттер әскери кафедраға түсу шарттары, құжаттар жинау, медициналық комиссиядан өту, емтихандар мен нормативтер тапсыру туралы толық ақпарат алды.
Сонымен қатар, әскери кафедра жанындағы сержанттар мектебіне назар аударылды, онда оқу бір жылға созылады және «кіші сержант» атағы беріледі. Бұл мектептің әскери кафедрадан айырмашылығы - оған 4 жыл оқитын 2-курс студенттері және қысқартылған, күндізгі оқу бөлімінде оқитын 1-курс студенттері түсе алады.