object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 10:04:59.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Серікбай Оспановтың «Ыбырай жолы» кітабы жарық көрді

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде Ұлы ағартушы Ы. Алтынсаринның 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында Филология ғылымдарының кандидаты, ақын, жазушы, университетіміздің профессоры Серікбай Оспановтың «Ыбырай жолы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, ыбырайтанушы Серікбай Оспанұлы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын зерттеп, Ұлы ұстаздың өмірі мен шығармашылығы, ұстаздық қызметі туралы 13 кітап шығарған.

 «Ыбырай жолы» кітабы 800 беттен, 6 тараудан тұрады. Мемлекеттік архивтен бастап, Омбы, Мәскеу, Қазан, Ыбырай оқыған Орынбор арихвтерінен алынған тың мәліметтер енгізілген.

Авторды әріптестері, облысымыздың белді ақын-жазушылары құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Жаңа жинақтың тұсаукесер рәсімінде Серікбай Оспановтың кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Салтанатты шараға келген студенттер мен кеш қонақтары ақынның шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды.

Серікбай Оспанұлының алғашқы топтама өлеңі 1967 жылы «Жер жүрегі»,1969 жылы «Жас керуен» атты ұжымдық жинақтарға енген. Ол бірнеше жыр жинақтарының, балаларға арналған және аударма өлеңдердің, сонымен қатар екi жүзден аса ән мәтiндерiнiң, отыздан астам әндердің авторы.

Ғалымның балаларға арналған «Мектептен қашқандар мен ертектен қашқандар», «Ешкі неге төрт түлік малға енбеген?» атты пьесалары І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма тетарында қойлып, көрермендер көңілінен шықты.

 

Қабылдау комиссиясы