Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Волков Владимир Васильевичпен кездесу өтті. Кездесу барысында жуырда өтетін референдум, оның халық, мемлекет үшін маңыздылығы сөз болды.
Іс-шараға университеттің қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамы, заңгерлер, саясаттанушылар, тарихшылар мен философтар, студенттік парламент өкілдері, университеттің белсенді студенттері қатысты. Владимир Васильевич Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін барлық өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып, референдумның демократиялық қоғамды дамытудың жаңа кезеңі және Жаңа Қазақстанды құрудың қажетті шарты ретіндегі маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ заңгерлер мен саясаттанушылар Конституцияны жетілдіру, еліміздің табысты саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы туралы баяндамалар жасады.
Конференция соңында баяндамашылар көпшілікті алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.