«Саяхат» өлкетану клубының белсенділері мен жаратылыстану кафедрасының студенттері Республика күні мерекесіне орай бірқатар іс-шаралар өткізді. Мақсат – Қостанай облысының географиясы, геологиясы, тарихы, қазіргі экономикалық дамуы туралы білімдерін кеңейту. 1-2 курс студенттері үшін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына және «СолтүстікҚазЖерҚойнауы» өңіраралық басқармасының геология мұражайына экскурсиялар ұйымдастырылды.
Геология мұражайында студенттер геолог Вера Едігенованы қызығушылықпен тыңдады. Ол облысымыздың қойнауындағы пайдалы қазбалар кен орындарының, түрлі тау жыныстарының картасын көрсетті. Тарихи-өлкетану мұражайында студенттер ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстанның қалыптасуының тарихи кезеңдерімен танысты. Мұражайдағы жәдігерлерді білім алушылардың білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ студенттерге «Тәуелсіз Қазақстан» көрмесі ұйымдастырылды.