7 қазанда ҚӨУ-нің П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының өкілдері Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттерімен кездесіп, кәсіптік бағдар берді.
Колледж студенттеріне университетке түсу шарттары, білім беру бағдарламалары, тәжірибеге бағытталған білімнің ерекшеліктері, академиялық ұтқырлық бағдарламасы, әскери кафедра, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметінің болашағы және шығармашылық мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Кездесуді ұйымдастырған колледж директоры Жомарт Құсайынға институт басшылығы алғыс білдіреді.