object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 05:29:55.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ НЫСАНДАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Ы. Алтынсарин мемориалдық мұражайымен бірлесіп «Қазақстан аумағындағы киелі нысандар» тақырыбында республикалық ғылыми семинар өткізді.

Шараның басты мақсаты – Қазақстан тарихындағы тарихи-мәдени кеңістіктің киелілігі феномені, киелі жерлер мен белгілі тұлғалардың жерленген жерлерін зерттеу арқылы рухани-ағартушылық саланы дамыту, Қазақстан Республикасының киелі объектілерін әлемдік мәдени мұраның құрамдас бөлігі ретінде сақтауды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

Семинарға Қостанай облысының мұражайлары, мұрағаттары мен кітапханалары және Атырау облысында орналасқан «Хан Ордалы Сарайшық» республикалық музей-қорығы қатысты.

Шараның модераторы – тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Серікжан Исмаилов. Семинарды университеттің әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темірбеков ашып берді. Алтынсарин мұражайының атынан ғылыми қызметкер Роза Шалапова сөз сөйлеп, мұражай қызметінің ерекшеліктері туралы айтты, сондай-ақ университеттің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасымен ынтымақтастықтың оң тұстарын атап өтті.

Семинарда Қостанай облысының киелі ескерткіштерін зерттеудің негізгі мәселелері, сонымен қатар тарихи тұлғаларды зерттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды. Л. Н. Толстой атындағы облыстық ғылыми кітапхананың өкілі кітапхананың облыс пен республиканың қасиетті ескерткіштері бойынша әдебиеттерді іздеу және зерделеу бойынша цифрлық мүмкіндіктерін көрсетті.

Айта кету керек, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы біздің стратегиялық серіктестеріміз – мектептермен, мұражайлармен, мұрағаттармен, кітапханалармен байланысымызды нығайтатын ғылыми іс-шараларды тұрақты негізде өткізіп тұрады.

Қабылдау комиссиясы