object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-27 23:17:22.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Республика күні қарсаңында...

Ұлттық мереке Республика күні аясында Қостанай өңірлік университетінде біршама іс-шаралар өтті. Шаралардың барлығы студенттерді татулыққа, бірлікке, патриоттыққа баулу мақсатында ұйымдастырылды.

Эконоика және құқық институтының Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп, «Болашаққа ұмтылған ел» атты іс-шара өткізді. Онда «Менің Қазақстаным – мақтанышым!» патриоттық челленджі, кітап көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ туған жердің әсем көркін дәріптейтін музыкалық нөмірлер орындалып, отанға деген сүйіспеншілікті жеткізетін әсерлі өлеңдер оқылды.

Арнайы қонақ, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Тобыл Жандәулетов Республика күнін мерекелеу тарихы жөнінде әңгілеп берді.

Қазанның 25-де Экономика және құқық институтының оқу залында Республика күніне орай «Қазақстан: тарих беттері» зияткерлік ойыны өтті. "НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?" ойыны форматында өткен білім сайысы 3 раундтан тұрды.

Университеттің барлық институттарынан құралған командалар жақсы ойын көрсетті.

Нәтижесі төмендегідей:

Бірінші орынды 10 ұпаймен Экономика және құқық институтының «Фемида» командасы иеленді;

Екінші орынға 9 ұпаймен «ИТИ-стан» Инженерлік-техникалық институтының командасы лайықты деп танылды;

Үшінші орын 8 ұпай жинаған Ауылшаруашылық институтының «Счастье от ума» командасына тиесілі;

Төртінші орында 7 ұпаймен Педагогикалық институттың «Педанты» командасы.

Командалардың жинаған ұпайлары институттардың белсенділік рейтингісіне қосылады.

Қабылдау комиссиясы