object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 03:22:31.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ректордың қабылдауында

Оқу жылының басынан бері А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді, оның негізгі міндеті – университет өмірін жақсарту және өзекті мәселелерді шешу үшін студенттерден, оқытушылар мен қызметкерлерден кері байланыс алу.

Бүгін университет ректоры Сейітбек Қуанышбаевтың кезекті қабылдауында студенттер мен оқу орнының қызметкерлері болды. Олар өздерін толғандыратын түрлі сауалдары мен ұсыныстарын жеткізді, студенттер білім гранттары мен оқу ақысы, студенттік жатақханадағы тұрмыс жағдайлары, студенттік асхана жұмысына қатысты сұрақтар қойды. Бұл мәселелердің барлығы ректордың назарында. Студенттік жатақханаға қатысты мәселелердің біразы кезең-кезеңімен шешілуде, кейбірі уақыт пен қомақты қаражатты талап етеді. Десе де, студенттердің барлық өтініштері университет басшылығының назарынан тыс қалмайды.

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің Қоғамдық қабылдау бөлмесі мына мекенжайда орналасқан:Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 118 (Пединститут ғимараты), 126 каб.

Телефондар: 8-7142 -53-11-71, ұялы тел.: 8-775-968-10-36

Қабылдау комиссиясы