object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 00:59:38.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚР-дағы еңбек қатынастары. Қызметкер және жұмыс беруші

«ҚР-дағы еңбек қатынастары. Қызметкер және жұмыс беруші» - Жұмыспен қамту және мансап орталығының бастамасымен өткен 2021 жылғы түлектерге арналған онлайн вебинар осындай тақырыпта өтті.

Вебинардың басты спикері - А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бибігүл Қадыржанова.Бұл іс-шараның мақсаты - жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.Бибігүл Бұрымбайқызы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында - шарттарда, еңбек шарттарында, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көрсетілген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде туындайтын еңбек қатынастары туралы айтып, сонымен қатар жұмысқа орналасу кезінде қажет құжаттарға тоқталды.

Қабылдау комиссиясы