Кәсіптік бағдар беру тобы, П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының директоры Әлібек Табулденов, есеп және менеджмент кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Айдар Байкин, мемлекет және құқық теориясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Шунаева, қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі Лейла Гарашова, шетел филологиясы кафедрасының оқытушысы Константин Куренко Қостанай гуманитарлық колледжінде өткен «Кәсіби компас» жәрмеңкесіне қатысты.
Институт пен колледж бірнеше жылдан бері жемісті ынтымақтасып келеді. Колледж студенттері мен оқытушылары П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты ұйымдастырған оқу, ғылыми іс-шараларға белсене қатысады.
Колледж студенттеріне университет туралы бейнероликтер көрсетіліп, оқуға түсу шарттары, оқу ордамызда оқудың артықшылықтары, әскери кафедра, қос дипломдық оқу бағдарламалары, студенттердің академиялық ұтқырлығы жайында толық ақпарат берілді. Институт ұжымы студенттермен ұжымдық және жеке кеңестер өткізді.