object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 03:35:04.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Рудный қаласындағы кәсіптік бағдар

Бүгін Рудный қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы әлеуметтік-гуманитарлық колледжі және Жастар ресурстық орталығының базасында қала мектептері мен колледждердің түлектеріне арналған форум өтті.

Форумның басты мақсаты – талапкерлерге ЖОО туралы ақпарат беру.  А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің ұжымы талапкерлермен кездесуге ауқымды бағдарламамен барды. Әр институт өзінің білім беру бағдарламалары көрсетілген баннерлер ілді, оқушылар назарына университет туралы бейнероликтер ұсынылды, белсенді студенттер университетте бос уақыттың қалай ұйымдастырылатыны туралы әңгімеледі,  сонымен қатар мектеп оқушылары мен колледж студенттері «Өнер» студиясының студенттері дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Университетіміздің ректоры Сейітбек Қуанышбаев талапкерлерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.  

Осы уақытта Рудныйда мектеп және колледж директорларының қатысуымен ТжКБ және бакалавриат білім беру бағдарламаларын интеграциялаудағы жаңа тәсілдер, пәндік бағыттағы біліктілікті арттыру және колледж оқытушыларын қайта даярлауды ұйымдастыру сияқты мәселелер талқыланған семинар-кеңес өтті.

Айта кету керек, университетте кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстар ауқымды түрде жүргізіліп жатыр. Қаңтар айында университет ұжымы Меңдіқара, Федоров, Қарабалық, Қарасу аудандары мен Лисаков қаласында болды. Мұндай кездесулер облысымыздың басқа да аудандары мен қалаларында, сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы аясында Оңтүстік облыстарда өткізіледі.

Университет басшылығы шараны ұйымдастыруға көмектескен Рудный қаласының білім бөліміне, жалпы білім беретін мектептер мен колледж директорларына алғыс білдіреді.

Қабылдау комиссиясы