П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының «Әдістемелік идеялар панорамасы» іс-шаралары аясында журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы «Журналистика» білім беру бағдарламаларының студенттеріне шеберлік сыныбын өткізді.
Шақырылған қонақ «СарыарқаАвтоПром» автомобиль зауытының GR және PR қызметінің бас маманы Гүлнар Нұртазина қоғаммен байланыс саласындағы кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Айтпақшы, Гүлнар - біздің университеттің түлегі.
Кездесу барысында Гүлнар Серікбайқызы бюджеті минималды немесе тиімділігі жоғары іс-шараларды қалай ұйымдастыруға болатындығын айтты. Сонымен қатар интеграцияланған байланыс көмегімен мақсатты аудиторияны табу, бәсекелестер арасында адасып қалмау және әлеуметтік желілердегі келеңсіздіктермен күресу жолдарын үретті. Студенттер сыртқы және ішкі аудиториямен жұмыс істеуге арналған көптеген PR құралдарының ерекшеліктері мен тиімділіктері туралы білді. Сондай-ақ кездесу қонағы студенттерге кәсіби қызметте өзін-өзі танытуды бүгіннен бастап-ақ қолға алу туралы құнды ұсыныстар берді.