9 ақпан күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы Түркістан облысы, Отырар ауданы оқушыларына онлайн форматта кәсіби бағдар берді. Үгіт насихат жұмыстарының модераторы – Оралбай Қабул. Алғашқы болып сөз алған кафедра меңгерушісі Гүлмира Нурушева оқу ордасы туралы мәлімет берді. Аға оқытушы Ақмарал Ералина оқушыларға тарих білім беру бағдарламасы, оның артықшылығы туралы айтып берді.
Сондай-ақ мектеп оқушылары университет беретін жеңілдіктер, институттағы және жалпы университеттегі студенттік өмір жайында ақпарат алды. Кездесу барысында оқушылар әскери кафедра, ҰБТ-ның шекті баллдары, оқу ақысы бойынша сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.
Онлайн-кездесуге 50-ге тарта оқушы қатысты.