А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің өңірлік «Smart-орталығы» қызметкерлері «Қазақстан Республикасының жастарын қолдаудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» талқылауға қатысты. Бұл мәселе «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесімен өткен онлайн-кездесу барысында талқыланды.
Аталмыш мемлекеттік мекеменің басшысы Марат Жұрқабаев «Smart-орталығының» мамандары ұсынған бірнеше жобаларға тоқталды, мәселен:
1) Жас ғалымдарды қолдау жөніндегі іс-шаралар кешенін, сондай-ақ стартап-жобаларды іске асыру бағытында стартап-қозғалысын дамыту, кәсіпкерлік саласына жастарды тарту бойынша шаралар ұсынылады;
2) Жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің алдын-алу, сондай-ақ азаматтардың цифрлық беделін қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру мақсатында интерактивті семинарлар өткізу қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар өткен жылдағы жұмыс қорытындыланды және сол жылы басталған кейбір жобалар бойынша жұмысты жалғастыру жоспары құрылды.